Журнал туралы

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты» ғылыми журналы – ғылыми рецензияланатын мерзімді баспасөз басылымы болып табылады.

2023 жылғы 15 тамыздағы №27 Келісімге сәйкес «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ және «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ әлемдік қоғамдастықта қазақстандық ғалымдардың ғылыми ізденістерінің нәтижелерін ілгерілету және насихаттау мақсатында «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты» ғылыми журналын бірлесіп, шығарады.

Ғылыми журнал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылады.

Толық үш тілді (ағылшын, қазақ, орыс) метадеректері (аңдатпа, кілт сөздер, әдебиеттер тізімі, авторлар туралы мәліметтер) бар ағылшын тілінде дайындалған мақалаларға артықшылық беріледі.

Мақалаларды шығару және беру мерзімдері

  • Журнал жылына 6 рет шығады (2 айда 1 рет).
  • Нөмірлер сайтта ақпан, сәуір, маусым, тамыз, қазан, желтоқсан айларының соңына қарай орналастырылады.
  • Қолжазбаны қараудың ең ұзақ мерзімі – 13 ай.

Егер көп мөлшерде материалдар келіп түссе, журнал редакциясы белгіленген мерзімге жаңа мақалаларды қабылдауды тоқтату құқығын өзіне қалдырады.

Ғылыми журнал Париждегі ISSN Халықаралық орталығында тіркелген: ISSN 2304-3334 (Print).

Журнал Crossref жүйесінде тіркелген және әрбір жарияланған материалға бірегей DOI сәйкестендіргішін береді. Журналдың DOI префиксі: 10.37884.

 

Нөмірлер мұрағаты 2009-2020 жж.

Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана

Хабарландыру

Құрметті авторлар!

18.03.2026

Құрметті авторлар!
Ғылыми журналдың жарияланым талаптары жаңартылғанын хабарлаймыз.
Жаңартылған нұсқамен сайттағы «Авторларға арналған нұсқаулық» бөлімінде таныса аласыздар.

Мақалаларды жіберу барысында жаңа талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз.

Әрі қарай «Құрметті авторлар!» туралы оқу

Ағымдағы шығарылым

Том 28 № 1(109) (2026): Ізденістер, нәтижелер
					Көрсету Том 28 № 1(109) (2026): Ізденістер, нәтижелер

Қаңтар - ақпан

Жарияланды: 27.02.2026

Барлық шығарылым

Барлық шығарылымдарды көрсету