Мәзір
ISSN 2304-3334 (Print)  ·  ISSN 2304-3334 (Online)

Izdenister natigeler

Ағымдағы шығарылым · Том. 28 № 4 (112) (2026)

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ

ГЕРЕФОРД ТҰҚЫМДЫ БҰҚАШЫҚТАРДЫҢ ЕТ ӨНІМДІЛІГІ МЕН СОЙЫС САПАСЫНАКӨБЕЮ ӘДІСІНІҢ ӘСЕРІ

Кіріспе. Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығында қолдан ұрықтандыру – генетикалық жақсартудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанда етті тұқымдарды қолдан ұрықтандыру коммерциялық табындардың генетикалық әлеуетін арттыру мақсатында кеңінен қолданылып келеді. Материалдар мен әдістер. Мақалада герефорд тұқымды бұқашықтардың табиғи жолмен және қолдан ұрықтандыру арқылы алынған топтары арасында өнімділік және сою көрсеткіштері салыстырмалы түрде жүргізіледі. Нәтижелер мен талқылау. Ғылыми-зерттеу нәтижелері тірі салмаққа, сояр алдындағы салмаққа, ет өнімділігіне, ұша шығымына, морфологиялық және генетикалық көрсеткіштерге әсер ететін генетикалық және репродуктивтік факторлардың ықпалын көрсетеді. Сонымен қатар бағалау және селекция әдістеріне, сондай-ақ репродуктивтік технологиялар мен ет сапасы көрсеткіштерінің өзара байланысына ерекше назар аударылған. Зерттеу нәтижелері герефорд тұқымды сиырлар мен ұрықтандыру жасындағы қашарларды қолдан ұрықтандыру олардың төлдерінің ет және сою көрсеткішіне оң әсерін дәлелдейді. Сояр алдындағы салмақты арттыру, ұша шығымын және жалпы ет өнімділігін жақсарту – өндіруші бұқаларды дұрыс таңдау және селекциялық бағдарламаларды тиімді қолдану арқылы мүмкін болады. Қорытынды. Генетикалық көрсеткіштер ет бағытындағы маңызды белгілер бойынша жедел генетикалық прогреске қол жеткізу мүмкіндігін дәлелдейді.

STR МАРКЕРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ АДАЙ ЖЫЛҚЫСЫ ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІ МЕН ПОПУЛЯЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН БАҒАЛАУ

Адай жылқысы Қазақстанның жергілікті генетикалық ресурстарының бірі болып табылады, алайда оның жекелеген шаруашылық популяцияларындағы генетикалық әртүрлілік пен популяциялық құрылым туралы молекулалық-генетикалық деректер шектеулі. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты Адай жылқысының үш популяциясындағы генетикалық әртүрлілікті бағалау және олардың генетикалық құрылымдану ерекшеліктерін микросателлиттік маркерлер негізінде анықтау болды. Зерттеуге Мұхит (n=67), Дархан (n=56) және Ислам (n=43) шаруашылықтарынан барлығы 166 жылқы алынып, 17 STR локусы бойынша генотиптелді. Генетикалық әртүрлілік көрсеткіштері GenAlEx бағдарламасында есептелді, ал популяциялар арасындағы генетикалық қатынастар фактор лық сәйкестік талдауы (AFC) және Bayesian кластерлеу әдісімен бағаланды. Барлық зерттелген STR локустары полиморфты болды; аллельдердің орташа саны 8,510±0,298, эффективті аллельдер саны 5,008±0,209, ал Шеннонның ақпараттық индексі 1,750±0,040 құрады. Популяциялар бойынша бай қалған гетерозиготалық 0,746–0,805, ал күтілетін гетерозиготалық 0,772–0,784 аралығында өзгерді. Жалпы FIS мәні айқын гетерозигота тапшылығының байқалмағанын, ал FST=0,018 популяциялар арасындағы генетикалық дифференциацияның төмен екенін көрсетті. Үш популяцияда барлығы 29 дара аллель анықталды. AFC және STRUCTURE нәтижелері популяциялар арасында әлсіз генетика лық субқұрылымның бар екенін көрсетті; STRUCTURE талдауында K=3 ең ықтимал модель болып, барлық популяцияларда ортақ генетикалық компоненттер мен Admixture байқалды. Нәтижелер зерт телген Адай жылқысы популяцияларында жоғары генетикалық әртүрлілік пен ортақ генетикалық не гіздің сақталғанын, сонымен қатар жергілікті генетикалық ерекшеліктердің қалыптасқанын көрсетті. Алынған деректер Адай жылқысының генетикалық ресурстарын сақтау, популяциялардағы генети калық әртүрлілікті мониторингтеу және селекциялық жұмыстарды ғылыми негізде жоспарлау үшін пайдаланылуы мүмкін.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚ МЕРИНОС ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЕРТЕ ЖАСТАН АЛДЫН АЛА БАҒАЛАУ

Зерттеу жұмысы Алматы облысындағы «Мерей» шаруа қожалығында оңтүстік қа зақ меринос қой тұқымында жүргізілді. Зерттеудің негізгі мақсаты – өндіруші қошқарлардың асыл тұқымдық қасиеттерін ерте жастан алдын ала болжау және ұрпағының өнімділік көрсеткіштері не гізінде селекциялық құндылығын анықтау. Қазіргі таңда қой шаруашылығында жоғары өнімді, генети калық әлеуеті мықты малдарды іріктеу селекциялық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болып та былады. Осыған байланысты жас қошқарларды ерте жастан бағалау олардың асыл тұқымдық сапасын тез анықтауға және шаруашылықтағы экономикалық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында 7 айлық жастағы өндіруші қошқарларды аналықтармен ерте шағылыстыру нәтижесінде алынған төлдердің тірілей салмағы, жүн ұзындығы, жүн қырқу, өсу қарқыны және ет өнімділігі зерт телді. Ұрпақтардың 4,5 және 7 айлық жасындағы көрсеткіштері бойынша қошқарлардың селекциялық құндылығы бағаланды. Сонымен қатар қозылардың сойыс шығымы, ұша сапасы, жұмсақ ет пен сүйек арақатынасы, жүн өнімділігі және жүннің технологиялық қасиеттері анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша №101200, №102255 және №205060 қошқарларының ұрпақтары тірілей салмақ, жүн ұзын дығы, жүн қырқымы және ет өнімділігі бойынша орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсетіп, жақ сартушы қошқарлар ретінде танылды. Ал №103099 және №204001 қошқарларының ұрпақтары кейбір өнімділік белгілері бойынша орташа деңгейден төмен болып, бейтарап немесе нашарлатушы топқа жатқызылды. Қозылардың ет өнімділігін бағалау барысында 7 айлық жастағы төлдердің сойыс шығы мы мен ұша сапасының жоғары екендігі анықталды. Алынған нәтижелер өндіруші қошқарларды ұр пағының сапасы бойынша ерте бағалау олардың асыл тұқымдық қасиеттерін екі жыл бұрын анықтауға мүмкіндік беретінін көрсетті. Бұл әдіс селекциялық жұмыстың тиімділігін арттырып, жоғары өнімді малдарды іріктеуді жеделдетуге, сондай-ақ бейтарап және нашарлатушы қошқарларды ұстауға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

ӨНІМДІЛІГІН СЫНАУ КЕЗІНДЕ ӨСІРУГЕ АРНАЛҒАН БҰҚА ТӨЛДЕРІНІҢ ДЕНЕ БІТІМІН БАҒАЛАУ

Қазіргі уақытта шетелдерде жөндеу бұқашықтардың экстерьерін дәстүрлі бағалау біртіндеп жекелеген белгілерді сызықтық бағалау жүйесімен алмастырылуда. Бұл жүйе жануарларды заманауи фенотиптеу жүйесінің тиімді әдістерінің бірі болып табылады. «Даурен» шаруа қожалығы базасында жөндеу бұқашықтарды өзіндік өнімділігі бойынша сынақтан шығару кезінде халықаралық жүйе негізінде олардың дене бітімі типіне бағалау жүргізілді. Әрбір жануар бойынша экстерьердің 11 белгісі бағаланды. Кейіннен жекелеген белгілер әртүрлі функционалдық топтарға («Дене бітімі», «Бұлшық еттілігі», «Аяқтары») біріктіріліп, өз кезегінде жалпы дене бітімі типін сипаттайтын кешен ді көрсеткішке топтастырылды. Зерттеу нәтижелері экстерьердің жекелеген белгілерінің айтарлықтай жоғары өзгергіштікпен сипатталатынын көрсетті (3,5-тен 50,6-ға дейін). «Дене бітімі» функционалдық тобы бойынша жануарлардың орташа көрсеткіші 79,7 баллды құрап, вариация коэффициенті 20,3 % болды; «Бұлшық еттілігі» бойынша көрсеткіш -75,6 балл, ал «Аяқтары» бойынша – 86,2 % құрады. Барлық функционалдық топтарды тұтас дене бітімі типіне біріктірген кезде жалпы көрсеткіш 75,3 баллды құрады. Дене бітімі типінің 6 санатының ішінде жануарлардың 81,2 %-ы «жақсы +», «өте жақсы» және «үздік» санаттарына жатқызылды. Бұл ретте жануарлардың ең көп бөлігі «жақсы +» санатына тиесілі болып, 47,8 %-ды құрады. Сонымен қатар, бұқашықтардың дене бітімі типі санаты жоғарылаған сайын олардың тірілей салмағының артатыны анықталды. Осылайша, жүргізілген зерт теулер жөндеу бұқашықтардың дене бітімін сызықтық бағалау жүйесін қолдану олардың экстерьерін неғұрлым толық әрі объективті сипаттауға мүмкіндік беретінін көрсетті. Бұл, өз кезегінде, болашақта етті бағыттағы ірі қара мал табындарында генетикалық прогресті жеделдетуге, өнімділікті арттыруға және асыл тұқымды етті мал шаруашылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге мүмкіндік береді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, АГРОХИМИЯ, АЗЫҚ ӨНДІРУ, АГРОЭКОЛОГИЯ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА СУ ТОПЫРАҚ ЭРОЗИЯСЫН МОДЕЛЬДЕУДІҢ ЕСЕПТІК ӘДІСТЕМЕЛЕРІН ҚОЛДАНУ

Урбандық және өнеркәсіптік ландшафттарда топырақтың деградациясы ауыл шаруашылығы жерлерінің сапасына, экожүйелердің тұрақтылығына және инфрақұрылымға ті келей әсер етеді. Осыған байланысты топырақ эрозиясын картаға түсіру және оның қарқындылығын сандық бағалау жер ресурстарын басқарудың маңызды бөлігі болып табылады. Топырақ эрозиясы урбандалған және өнеркәсіптік аумақтарда жер ресурстарының деградациясына әкелетін негізгі эко логиялық процестердің бірі болып табылады. Бұл мақалада Шығыс Қазақстандағы Өскемен қаласы ның аумағында топырақ эрозиясының кеңістіктік таралуы мен қарқындылығы қарастырылды. Мақса ты. Өскемен қаласы аумағында RUSLE (Revised Universal Soil Loss Equation) моделін қолдану арқылы топырақ эрозиясының кеңістіктік үлгілерін және қарқын деңгейлерін бағалау. Материалдар мен әдістер. 1) R, K, LS, C және P факторларын қашықтықтан зондтау және ашық кеңістіктік деректер негізінде есептеу; 2) 2014 және 2024 жылдар үшін орташа жылдық топырақ жоғалуын модельдеу; 3) топырақ эрозиясы санаттарының (0–75, 75–150, 150–225, 225–300 және ≥300 т/га/жыл) кеңістіктік таралуын талдау; 4) эрозиялық процестердің уақыт бойынша өзгерісін бағалау және эрозияға бейім аймақтарды айқындау. Нәтижелер мен талқылау. Модельдеу нәтижелері топырақ эрозиясының төмен қарқындары басым екенін көрсетті: 0–75 т/га/жыл санатына жататын аумақтардың үлесі 2014 жылы 68 %, ал 2024 жылы 64 % болды. Орташа және жоғары эрозия қарқындарының үлесінде айтарлықтай өзгерістер байқалды: 75–150 т/га/жыл санатының үлесі сәл төмендесе (19 %-дан 18 %-ға дейін), 150–225 т/га/жыл және 225–300 т/га/жыл санаттарында сәйкесінше 6 %-дан 7 %-ға және 3 %-дан 4%-ға дейін өсім тіркелді. Ең маңызды өзгерістер жоғары эрозиялық қауіпті аймақтарда байқалды: ≥150 т/га/жыл деңгейіндегі топырақ жоғалту үлесі 2014 жылғы 13 %-дан 2024 жылы 18 %-ға дейін артты, ал ең жоғары санат (≥300 т/га/жыл) 3 %-дан 7 %-ға дейін ұлғайды. Қорытынды. Алынған нәтиже-лер Өскемен қаласы аумағында жалпы төмен эрозиялық сыныптардың басымдығы сақталғанымен, жоғары топырақ жоғалту санаттарының кеңею үрдісі жүріп жатқанын көрсетті. Бұл эрозияға бейім еңісті аймақтарда топырақты қорғау шараларын күшейту қажеттігін айқындайды. 

ОҢТҮСТІК ҚАРА ТОПЫРАҚТАРДАҒЫ NDVI БОЙЫНША ӨНІМДІЛІК АЙМАҚТАРЫН АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ВЕРИФИКАЦИЯЛАУ

Кіріспе. Қазақстанның астық өндіретін өңірлерінде тұрақты егіншілік орташа алынған технологиялық шешімдерден жер ресурстарын агроэкологиялық тұрғыдан сараланған басқаруға көшуді талап етеді. Осы тұрғыда NDVI бойынша бөлінген өнімділік аймақтарын верификациялау маңызды мәнге ие, өйткені қашықтан зондтау индекстері егістіктердің кеңістіктік әркелкілігін көрсеткенімен, оның топырақ-ландшафттық және биологиялық себептерін әрдайым түсіндіре бермейді. Материалдар мен әдістер. Зерттеудің мақсаты микрорельефті, топырақтың агрохимиялық жай-күйін және ауыл шаруашылығы дақылдарының фенологиялық көрсеткіштерін талдау негізінде NDVI бойынша өнімділік аймақтарын агроэкологиялық верификациялау болды. Зерттеулер 2024–2025 жж. Қостанай облысы Қостанай ауданы аумағындағы «Олжа-Садчиковское» ЖШС жерлерінде, №18, №33, №67–71 және №90 танаптарды қамтитын 1500 га алаңда жүргізілді. Топырақ-ландшафттық зерттеу материалдары, SRTM деректері, NDVI-суреттер, кеңістіктік ажыратымдылығы 2,44–30 м ғарыштық суреттер, 0–20 см қабаттың агрохимиялық талдау нәтижелері және далалық фенологиялық есепке алу деректері пайдаланылды. Нәтижелер және талқылау. Верификацияның үш деңгейлі схемасы ұсынылды: қашықтан зондтау деңгейі — NDVI, топырақ-ландшафттық деңгей — микрорельеф және агрохимиялық көрсеткіштер, биологиялық деңгей — өсімдіктердің жиілігі мен биіктігі. Тұрақты өнімділік аймақтарының жер бедерімен, ылғалмен қамтамасыз етілуімен, гранулометриялық құрамымен және қоректік элементтермен байланысты екені анықталды. Аймақтардың тұрақты ауданы №67–71 танапта 72 %, №18 танапта 43 % және №90 танапта 58 % құрады. Жылжымалы калий мөлшері беткейлерден ойпаңдарға қарай 650-ден 950 мг/кг-ға дейін артты. Қорытынды. NDVI-аймақтарын егістікті саралап басқаруды негіздеу үшін топырақ-агроэкологиялық және биологиялық верификацияны талап ететін диагностикалық қабат ретінде қарастыру қажет.

БАНАН ӨСІМДІГІН ПОЛИКАРБОНАТТЫ ЖЫЛЫЖАЙДА ӨСІРУ ЖӘНЕ ТАМЫР ӨСКІНІМЕН КӨБЕЙТУ

Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы заман талабына сай жаңаша бағыттар мен тех нологияларды игеруге бет бұра бастады. Соның жарқын мысалы – әлемдік нарықта сұранысы жоғары банан дақылын елімізде өсіру бастамасы. Көпшілігіміз үшін банан – алыстағы елдердің сыйы секілді көрінетін, оны енді өзіміз де өсіре бастадық. Бұл – еліміздің агроөнеркәсіп саласындағы жаңа белес, жаңа тыныс. Сондықтан, соңғы жылдары отандық агросекторда батыл әрі тың бастамалар легі артып келеді. Тропикалық аймақтағы елдерге ғана тән өсімдік саналатын банан, енді оңтүстік Қазақстанда – Түркістан мен Қызылорда облыстарында жылыжайлық жағдайда өсіріліп жатыр. Бұл тек аграрлық саладағы тәжірибе ғана емес, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған страте гиялық қадамның батыл да ауқымды көрінісі. Бүгінде мұндай жаңашыл жобалар ауыл шаруашылығын әртараптандыру, импортқа тәуелділікті азайту және отандық өндірісті дамыту саясатының нақты нәти жесін көрсетіп отыр. Негізінде бұл процесс – бананды жылыжайда өсіру, ерекше көзқарас пен білімді талап етеді, өйткені тропикалық өсімдік бейтаныс климатта қолайлы өсу жағдайларын қажет етеді, за манауи зерттеулер де банандарды жасанды жағдайларға бейімдеуге бағытталған. Әрине, банан өсімді гін интродукциялау, оны өсірудің технологияларына тың буындар мен элементтер енгізу жұмыстарын атқару көп ақыл-ой мен күш жігерді талап етеді. Сонымен қатар, бұл шараны атқаруда бастапқы материал - бананның жылыжайға ыңғайлы сорттарын дұрыс таңдау-сұрыптау да үлкен роль ойнайды. Селекцияның жетістігі бастапқы материалға байланысты екенін академик Н.И. Вавилов та кезінде айтып кеткен.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ЖЕМІС ЖЕМІРІНІҢ (GRAPHOLITA MOLESTA (BUSCK)) ТАРАЛУЫ МЕН ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында өсімдіктерге елеулі зиян кел тіретін карантиндік зиянкес – шығыс жеміс жемірінің (Grapholita molesta (Busck)) таралуы мен даму биологиялық ерекшеліктері қарастырылған. Далалық бақылаулар мен екпелердің фитосанитарлық жағдайын талдау нәтижесінде, өңір жағдайында бұл зиянкес вегетациялық кезеңінде 5 ұрпаққа дейін дамып, сүйекті және дәнекті жеміс дақылдарының өркендері мен жемістерін зақымдайтыны анықтал ды. Ең көп зақымданатын дақылдар қатарына шабдалы (Prunus persica), алхоры (Prunus salicina), өрік (Armeniaca vulgaris) және салыстырмалы түрде аз деңгейде алма (Malus domestica) жатады. Зиянкестің ең жоғары таралуы шабдалы мен алхоры бақтарында тіркеліп, жаппай ұшу кезеңінде бір тұзаққа апта-сына орта есеппен 25–35 аталық дарақ түскені байқалды. Зерттеу барысында өркендердің зақымдануы олардың қурауына және өсім қарқынының төмендеуіне әкелетіні, ал жемістердің зақымдануы олар-дың тауарлық сапасының нашарлауына және мерзімінен бұрын түсуіне себеп болатыны анықталды. Өркендердің зақымдану деңгейі 18,2 %-ға дейін, ал жемістердің зақымдануы 22,8 %-ға дейін жеткені тіркелді. Сонымен қатар, ауа температурасының жоғарылауы G. molesta-ның фенологиялық дамуын жеделдететіні байқалды, бұл өз кезегінде зиянкестің таралу ауқымының кеңеюіне және келешекте келтірілетін зиян көлемінің артуына ықпал етуі мүмкін. Алынған нәтижелер нақты жыл жағдайларына байланысты агротехникалық және қорғау шараларын жүргізу мерзімдерін түзетуге, сондай-ақ зиян кеске қарсы тиімді қорғау жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді. Шығыс жеміс жемірі ошақтық түрде таралғанына қарамастан, оның популяциясын тұрақты бақылау, өсімдіктерді қорғаудың интеграция ланған әдістерін қолдану және Қазақстан аумағында одан әрі таралуын болдырмау мақсатында каран тиндік шараларды күшейту қажет. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы – оларды аймақтық деңгейде жеміс дақылдарын қорғау жүйелерін әзірлеуде қолдануға болатындығында.

ҚАЗАҚСТАНДА KAСИБ  БИДАЙ КОЛЛЕКЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚҚА ТӨЗІМДІЛІГІН ДАЛАЛЫҚ БАҒАЛАУ

Бидай (Triticum aestivum L.) – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызды дақыл болып табылады, әсіресе климаттың өзгергіштігі мен құрғақшылық жиілігінің артуы-на байланысты. Жоғары өнімділікті, ауруға төзімділікті және қоршаған ортаға бейімделуді біріктіретін генотиптерді анықтау қазіргі заманғы селекциядағы негізгі мәселе болып қала береді. Бұл зерттеудің мақсаты жоғары өнімділік әлеуеті мен құрғақшылыққа төзімділігі бар перспективалы генотиптерді анықтау үшін КАСИБ халықаралық питомнигінен алынған жаздық бидай сорттары мен желілерін ке-шенді бағалау болды. Зерттеу Қостанай облысында Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе станция-сында жүргізілді. Фенологиялық бақылаулар, морфометриялық талдау, NDVI бағалау, жапырақ таты-на төзімділігіне фитопатологиялық скрининг және құрғақшылыққа төзімділік индексін (DSI) анықтау қолданылды. Белгілердің өзгергіштігін бағалау және бейімделу заңдылықтарын анықтау үшін стати-стикалық әдістер қолданылды. Нәтижелер зерттелген үлгілер арасында айтарлықтай фенотиптік өзгергіштікті анықтады. Отыз алты генотип NDVI жоғары мәндерін көрсетті (0,55–0,67), бұл биомассаның қарқынды жиналуын көрсетеді. 1000 дәннің салмағы 24-тен 57 г-ға дейін болды, оның ішінде 27 үлгі 40 г-нан асып түсті, бұл жоғары өнімділік әлеуетін көрсетеді. Фитопатологиялық скрининг жапырақ татына иммундық реакциясы бар 59 генотипті анықтады. Морфометриялық талдау соңғы түйінаралықтың ұзындығы (15–47 см) өнімділік пен құрғақшылыққа төзімділікпен байланысты негізгі бейімделу белгісі екенін көрсетті. Дән өнімділігі 17,7-ден 53,9 ц/га-ға дейін болды. Құрғақшылыққа төзімділік индексі (DSI) 0,26-дан 1,17-ге дейін болды, 23 генотип құрғақшылыққа төзімді деп жіктелді (DSI ≤ 0,50). Бұл нәтижелер КАСИБ коллекциясының жоғары генетикалық және фенотиптік әртүр-лілігін растайды және селекциялық бағдарламалар үшін бейімделгіш және жоғары өнімді генотип-терді анықтау үшін морфологиялық, физиологиялық және фитопатологиялық белгілерді біріктірудің тиімділігін көрсетеді.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖАЗДЫҚ БИДАЙДЫҢ ЖАПЫРАҚТЫҚ ӨҢДЕУЛЕРГЕ ЖАУАП РЕАКЦИЯСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒАЛАУ

Кіріспе. Климаттың өзгергіштігінің күшеюі және құрғақшылық кезеңдерінің жиілеуі жаздық бидайдың өнімділігі мен дән сапасын арттырудың тиімді тәсілдерін іздестірудің маңы здылығын арттыруда. Болашағы зор бағыттардың бірі – өсімдіктердің абиотикалық стресс факторла рына төзімділігін арттыратын заманауи жапырақ арқылы қолданылатын биостимуляторлар мен өсу реттегіштерін пайдалану. Материалдар мен әдістер. Зерттеулер 2025 жылы Қостанай облысындағы «Олжа Садчиковское» ЖШС-де Канюк сортының жаздық жұмсақ бидайы егістігінде жүргізілді. Өн дірістік тәжірибе 794,1 га алаңда strip-trial форматында ұйымдастырылды. «Зеромакс Фос» (0,3 л/ га), ферменттік биостимулятор (0,25 л/га) және «Мегавит» (2,0 л/га) препараттарының әсері зерттел ді. Өнімділік тұтас есепке алу және сынамалық бауларды талдау әдістерімен анықталды. Агрокли маттық жағдайлар ERA5-Land деректері бойынша бағаланды. Деректерді өңдеу үшін сипаттамалық статистика, корреляциялық және регрессиялық талдау әдістері қолданылды. Нәтижелер. Ең жоғары шаруашылық тиімділік «Зеромакс Фос» препаратын қолданғанда байқалды: өнімділік 35,4 ц/га құрап, бақылау нұсқасынан 1,7 ц/га-ға (5,0 %) жоғары болды, ал дәннің натурасы 34 г/л-ге артты. Ең жоғары биологиялық өнімділік (61,07 ц/га) «Мегавит» препаратын қолданғанда тіркелді. Өсімдік биіктігі мен биологиялық өнімділік арасында жоғары оң корреляциялық байланыс анықталды (r = 0,929; p < 0,001). Талқылау. Алынған нәтижелер ылғал тапшылығы жағдайында антистресстік жапырақтық өңдеулерді қолданудың перспективалы екенін көрсетті. Дегенмен, анықталған айырмашылықтарды рандомиза цияланған және жеткілікті қайталанымдары бар тәжірибелерде қосымша растау қажет. Қорытынды. 2025 жылғы вегетациялық кезең жағдайында өндірістік қолдану үшін ең перспективалы препарат «Зе ромакс Фос» болып анықталды, ол өнімділікті арттырып, дәннің тауарлық сапасын жақсартты. «Мега вит» препараты биологиялық өнімділікті арттырудың жоғары әлеуетін көрсетті және қайталаным саны жеткілікті көпфакторлы тәжірибелерде қосымша зерттеуді қажет етеді.

СУ, ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ

SENTINEL-2 NDVI, ESBK ЖӘНЕ FDEI КӨРСЕТКІШТЕРІ НЕГІЗІНДЕ СУАРМАЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІН ГАЖ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫ МЫСАЛЫНДА

Мәселе және өзектілігі. Аридті аймақтардағы суармалы жерлерді тиімді басқа ру үшін кадастрлық учаске деңгейінде өсімдік жамылғысының жай-күйі мен шаруашылықтың эко номикалық тиімділігі туралы жедел кеңістіктік деректер қажет. Алайда дәстүрлі жер әкімшілігі жүйе лері мұндай мәліметтерді толық әрі уақытылы қамтамасыз ете алмайды. Соның салдарынан суаруды жоспарлау, тыңайтқыш енгізу және рекультивацияға инвестиция салу көбіне аумақтық ерекшеліктерді ескермей жүргізіледі, бұл жер және су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін төмендетеді. Әдістері. Зерттеуде Sentinel-2 ғарыштық түсірілімдерінің NDVI деректері 2024 жылғы 14 маусымдағы, бұлт тылығы 5 %-дан төмен суреттер негізінде цифрлық кадастрлық шекаралармен QGIS 3.28 бағдарла масында біріктірілді. Талдау Қазақстанның Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жалпы ауданы 371 га болатын 10 суармалы шаруашылыққа 2023–2024 жылдар аралығында жүргізілді. NDVI индексі Sentinel-2 серігінің B8 және B4 арналары бойынша 10 м кеңістіктік ажыратымдылықпен есептелді. Сонымен қатар екі жиынтық көрсеткіш қолданылды: ESBK егістік әлеует коэффициенті топырақ са пасын, ылғалмен қамтамасыз етілуін және тұздану қаупін біріктірсе, FDEI индексі жалпы табыс пен гектарына шаққандағы өндірістік шығындарды салыстыру арқылы шаруашылық шешімдерінің эконо микалық тиімділігін бағалады. Нәтижелері. Зерттелген шаруашылықтарда NDVI 0,36–0,82 аралығын да өзгерді. Екі шаруашылық ESBK 0,11–0,13 көрсеткіштерімен басым рекультивация аймағы ретінде анықталды, ал үш шаруашылық ESBK ≥ 0,50 деңгейінде жоғары жер әлеуетін көрсетті. NDVI ≥ 0,70 болған шаруашылықтарда FDEI 1,47–1,60 аралығында болып, таза пайда 400–560 мың теңгені құрады. Оңтүстік-батыс тұздану аймағындағы шаруашылықтарда FDEI 1,0-ден төмен болып, шығын тіркелді. 2024 жылы NDVI негізінде қабылданған шаралар нәтижесінде орташа өнімділік 26 %-ға артты, су шығыны 22 %-ға азайды, ал табыс индексі 1,35-ке жетті. Практикалық маңызы. Ұсынылған NDVI ESBK–FDEI тәсілі суармалы жерлерді жіктеуге, рекультивацияны басымдандыруға және су ресурста рын дәлелді бөлуге мүмкіндік береді.

ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

Кіріспе. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Антропогендік жүктеменің артуы және климаттың өзгеруі жағдайында жерді пайдаланудың тиімділігін бағалаудың заманауи құралдарына қажеттілік артып отыр. Геоақпараттық технологиялар мен Жерді қашықтықтан зондтау әдістері өсімдік жамылғысын бақылау және жер өнімділігінің кеңістіктік заңдылықтарын талдау үшін сенімді мүмкіндіктер ұсынады. Материалдар мен әдістер. Зерттеу 2015, 2020 және 2025 жылдарға арналған спутниктік деректерді (Landsat) және геоақпараттық жүйелерді (GIS) қолдануға негізделген. Өсімдік жамылғысының жағдайы мен жер өнімділігін бағалау үшін қалыпқа келтірілген вегетациялық индекс (NDVI) есептелді. Кеңістіктік талдау ArcGIS Pro бағдарламасында жүргізілді, оның ішінде NDVI карталарын жіктеу және салыстырмалы талдау орындалды.

Нәтижелер және талқылау. Талдау Алматы облысы аумағында өсімдік жамылғысының айқын кеңістіктік дифференциациясын көрсетті. NDVI жоғары мәндері таулы және тау бөктеріндегі аудандарға тән, ал төмен мәндер құрғақ және жартылай құрғақ аймақтарда байқалады. NDVI көрсеткіштерін салыстыру 2020 жылы 2015 жылмен салыстырғанда өсімдік жамылғысының артуын көрсетті, ал 2025 жылы өсімдік жағдайының әркелкілігі байқалып, жақсару мен деградация үрдістері қатар жүргенін көрсетті. Қорытынды. Зерттеу нәтижелері NDVI ауыл шаруашылығы жерлерін бағалаудың тиімді көрсеткіші екенін дәлелдейді. GIS және қашықтықтан зондтау технологияларын біріктіру өсімдік жамылғысының динамикасын объективті бақылауға және жер ресурстарын тиімді әрі тұрақты басқаруға ғылыми негіз қалыптастырады.

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАНДЫ ТОЛЫҚТЫРУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ІРІ ЖЕР АСТЫ СУ ҚОЙМАЛАРЫН ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

Климаттың өзгеруінен, су тұтынудың артуынан және жер үсті ағынының біркелкі таралмауынан туындаған су ресурстарының тапшылығының артуы құрғақ аймақтарда жер асты сула рын басқарудың тиімді әдістерін енгізуді қажет етеді. Қатты континенталды климатпен, өзен желісінің шектеулілігімен және ағынның жоғары маусымдық өзгергіштігімен сипатталатын Орталық Қазақстан үшін жер асты суларын жасанды түрде толтыру (ЖСЖТ) ең перспективалы тәсілдердің бірі болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты – аймақтың физикалық, географиялық, гидрогеологиялық және ги дрологиялық жағдайларын ескере отырып, ЖСЖТ-ның типтік процесінің схемаларын негіздеу. Аумақ төрт топты анықтай отырып, бірқатар критерийлер бойынша аймақтарға бөлінді: ірі, орта және шағын жер асты су қоймаларын құруға арналған аумақтар, сондай-ақ перспективасыз аумақтар. Өзен аңғар лары, көмілген аңғарлар және карбонатты құрылымдар ең перспективалы деп танылды. Жылдық өзен ағынының 80-90%-ға дейіні көктемде пайда болатыны, бұл толықтыру үшін айтарлықтай маусымдық ресурс жасайтыны анықталды. Инфильтрациялық бассейндер ашық шектеусіз сулы горизонттар үшін негізгі технология ретінде негізделген, ал инфильтрациялық ұңғымалар мен сіңіру ұңғымалары терең және жарықшақты карст сулы горизонттары үшін қолданылады. Зерттеу аясында әзірленген ашық және жабық жер асты суларын жасанды түрде толтырудың технологиялық схемалары инженерлік шешім дерді нақты табиғи жағдайларға икемді бейімдеуге мүмкіндік береді. Инфильтрациялық бассейндерді, реттелетін су қабылдау құрылымдарын және сіңіру ұңғымаларын пайдалану жер асты суларының қо рын арттырып қана қоймай, олардың режимін де басқарады.

ТАБИҒИ ТҰЗДЫ СУЛАРДАН ЛИТИЙДІҢ ТИІМДІ АЛУ ТУРАЛЫ

Кіріспе. Климаттың өзгеруі - даму мәселелердің бірі болып табылады. Көмірқышқыл газының шығарындыларын теңестіру арқылы адам әрекетінің климаттың өзгеруіне әсерін азайтуға арналған көміртекті бейтараптық принциптері жаңартылмайтын энергия көздерін жаңартылатын энергиямен алмастыру арқылы көміртегі шығарындыларын азайту үшін маңызды және жаңа технологияларды құруға бағытталған. Бұл тұрғыда литий-ионды энергияны сақтау жүйелері ұзақ қызмет ету мерзімі мен жоғары тиімділігінің арқасында бүкіл әлемде көміртегі шығарындыларын азайтуда шешуші рөл атқарады. Li ресурстарының біркелкі таралмауы және өсіп келе жатқан сұраныс әлемді литийді зерттеуге, өндіруге және өндіруге итермеледі. Соңғы жылдары литий өнеркәсібі жаңа биіктерге жетті, өйткені көптеген елдер жаңартылатын энергия көздеріне көшуден басқа аккумуляторлар үшін литий өндірісін арттырды. Материалдар мен әдістер. Мақалада еріткіш экстракциясы, адсорбция, мембраналық технологиялар, электрохимиялық әдістер және/немесе олардың комбинациясы сияқты салыстырмалы түрде төмен литий мөлшері бар сулы литий ресурстарынан литий алу әдістері қарастырылады. Бұл технологиялар Li+ концентрациясы төмен сулы ерітінділерден немесе теңіз суынан Li+ тұрақты қалпына келтірудің белгілі бір әлеуетiн көрсетеді. Дегенмен, зертханалық тәжірибелерді коммерциялық өндіріске дейін кеңейту үшін қосымша зерттеулер мен әзірлемелер қажет. Нәтижелер мен талқылау. Жарияланған ғылыми еңбектерді талдау, зерттелетін қазақ гидроминералды бұлақтарындағы литий мөлшерінің салыстырмалы түрде төмен болуы (7-нан 55 мг/л дейін), тіпті мұндай суларды өндірудің үлкен көлемінің өзінде литий қосылыстарын тұрақты және тиімді өндіру үшін анағұрлым жетілдірілген тәсілдер, технологияларды оңтайландыру, жаңа материалдарды құру қажеттілігін көрсетеді. Қорытынды. Литий концентрациясы төмен сулы ерітінділерден литийді алу, техникалық тұрғыдан мүмкін болғанымен, процестің қымбаттығы мен күрделілігіне байланысты көбінесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Технологиялар мен жаңа материалдарды әзірлеу және оңтайландыру литий-ионды батареялар мен басқа да өнімдерді өндіру үшін өте маңызды болып табылатын литий экстракциясының тұрақты және тиімді болуына әкелуі мүмкін.

ҚҰДЫҚ СУЫНЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДА ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Құдық сулары ауылдық және шалғай елді мекендерде ауыз сумен қамтамасыз ету дің негізгі көздерінің бірі болып табылады. Алайда мұндай судың сапасы көбінесе санитарлық-гиги еналық талаптарға сәйкес келмейді, себебі оның құрамында темір, марганец, нитраттар сияқты еріген қосылыстар және микробиологиялық ластағыштар кездеседі. Осыған байланысты құдық суын қауіпсіз пайдалану үшін оны тиімді санитарлық тазарту технологияларын қолдану қажет. Зерттеудің мақсаты – құдық суын физика-химиялық әдістер арқылы санитарлық тазарту технологияларының тиімділігін бағалау. Зерттеу барысында жерасты суларын тазартудың заманауи тәсілдері талданып, олардың құ дық суының сапасын жақсартуда қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Әсіресе коагуляция, сүзу және адсорбция әдістерінің ластаушы заттарды, еріген қоспаларды және органикалық заттарды жоюдағы тиімділігіне ерекше назар аударылды. Зерттеу нәтижелері су тазарту технологияларының тиімділігі ластаушы заттардың табиғатына, олардың концентрациясына және қолданылатын әдістердің ерек шеліктеріне байланысты екенін көрсетті. Физика-химиялық әдістерді кешенді түрде қолдану судың құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін айтарлықтай азайтып, оның санитарлық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Зерттеу қорытындысы бойынша құдық суын тазартудың біріктірілген технологияларын қолдану оның сапасын арттыруға және ауыз су қауіпсіздігі талаптарына сәйкесті гін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні анықталды. Алынған нәтижелер ауылдық елді мекендерде гі жергілікті су тазарту жүйелерін дамытуда қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар зерттеу барысында қолданылған технологиялардың ауылдық аймақтар жағдайында экономикалық тұрғыдан тиімді және пайдалану жағынан қолжетімді екені анықталды. Ұсынылған әдістер жергілікті деңгейде шағын су тазарту жүйелерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді және халықты қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал етеді.

ШАҒЫН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН БАЯУ ҚҰМДЫ СҮЗГІЛЕРДІ ҚОЛДАНУ

Қазіргі таңда шағын елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету эколо гиялық және әлеуметтік тұрғыдан өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанның көптеген ауылдық аймақтарында орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің болмауы немесе жеткіліксіз дамуы қарапайым, сенімді және экономикалық жағынан тиімді су тазарту технологияларын қолдануды талап етеді. Осындай технологиялардың бірі – баяу құмды сүзу әдісі. Бұл технологияның қарапайым құрылымы, энергия шығынының төмендігі және пайдалану сенімділігі оны шағын елді мекендерде қолдануға мүмкіндік береді. Осы жұмыстың мақсаты – шағын елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуде қолданылатын баяу құмды сүзгі қондырғысының құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау, тәжіри белік зерттеу әдістемесін негіздеу және кварц құмы мен табиғи цеолитті сүзгі материалдары ретінде қолданудың ғылыми негіздерін талдау. Зерттеу барысында кварц құмы мен табиғи цеолит негізіндегі екі тәжірибелік баяу құмды сүзгі қондырғысы қарастырылды. Сүзгі материалдарының қабаттық орна ласуы қалыптастырылып, олардың физика-химиялық қасиеттері салыстырылды. Қондырғыны тәжіри белік зерттеулерге дайындау мақсатында сүзгі материалдары алдын ала жуылып, гидравликалық сынақтар жүргізілді. Сонымен қатар баяу құмды сүзгілерді шағын елді мекендердің табиғи су көздерін тазартуда қолдану мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде тәжірибелік баяу құмды сүзгі қондырғысының құрылымы сипатталып, оның кей інгі салыстырмалы зерттеулер жүргізуге дайын екендігі анықталды. Әдебиеттерді талдау кварц құмы мен табиғи цеолиттің сүзгі материалы ретінде қолданылуы судың физика-химиялық және микробио логиялық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Алынған нәтижелер баяу құмды сүзгілерді шағын елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуде қолданудың ғылыми-тәжірибелік негізін қалыптастыруға бағытталған және кейінгі тәжірибелік зерттеулерді жүргізуге негіз болады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЛЕНДІРУ

БЕЛСЕНДІ ЖЕЛДЕТУ ЖҮЙЕСІ БАР СОЯ ДӘНДЕРІН САҚТАУҒА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖАБДЫҚ

Мақалада белсенді желдетілетін контейнер-модульдік жабдықтың жұмыс режим дері зерттеледі және негізделеді, мысалы, нақты өнімділік, астықты жылжыту процесіне жұмсалатын қуат, сондай-ақ сақтау кезінде соя дәнінің ылғалдылығы мен температурасын бақылаудың прогрес сивті әдісін қолдану. Есептік деректерді кейіннен тексеру үшін ұсынылған белсенді желдетілетін соя сақтау технологиясын барабар модельдейтін эксперименттік макет қондырғысы жасалды. Жүргізілген эксперименттер ұсынылған эксперименттік қондырғы Астықты белсенді желдетілетін контейнерлерде сақтау процесін барабар модельдеуге және заманауи әдістерді, аспаптар мен цифрлық технологиялар ды пайдалана отырып, өнімділік, энергия тұтыну, ылғалдылық және т.б. сияқты негізгі параметрлерді реттей отырып тәжірибелер жүргізуге мүмкіндік беретінін растады. Эксперименттердің нәтижелері ұсынылған. Сонымен қатар, «Straj Klimate Control» бағдарламасын қолдана отырып, эксперимент кезінде ылғалдылық пен температура бақыланды. Көтерілу биіктігінің ауа массасының жылдамдығы на тәуелділігін анықтауға болатын эксперименттік деректер алынды.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ТОПЫРАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ЕГІС АЛДЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ СЕБУГЕ АРНАЛҒАН РОТОРЛЫ АГРЕГАТТЫ ИНЖЕНЕРЛІК ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

Суармалы егіншілік жағдайында егіс алдындағы топырақ өңдеу жоғары энергия сыйымдылығымен және оңтүстік аймақтың топырақ құрылымына елеулі механикалық әсерімен сипат талады. Оңтүстік Қазақстанның топырақ жамылғысы негізінен қара-қоңыр, қоңыр, сондай-ақ қоңыр және сұр-қоңыр топырақтардан тұрады, олар қоңыр топырақтардың оңтүстігінде орналасқан және ре спублика аумағының шамамен 120 млн гектарын (44 %) қамтиды. Гумус мөлшерінің төмендігі (1,0–2,0 %) олардың құрылымының әлсіздігін және қарқынды механикалық өңдеуге жоғары сезімталдығын анықтайды, осыған байланысты аталған аймақта тиімді егіншілік негізінен суару және ресурсты үнем дейтін технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жұмыста бір технологиялық өтуде топы рақты егіс алдындағы өңдеу мен тұқым себуді қатар орындауға арналған роторлы агрегатты инженер лік оңтайландыру және эксперименттік зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу жұмыс органдарының топырақпен өзара әрекеттесуін аналитикалық модельдеуді, роторлы пышақтардың геометриялық па раметрлерін оңтайландыруды және тәжірибелік үлгінің (ФС-2,1) салыстырмалы далалық сынақтарын қамтиды. Пышақтарды орнатудың тиімді бұрышы 54–56° екені анықталды, бұл кесу алаңының мен шікті шамамен 22 %-ға төмендеуін және топырақтың өңдеуге кедергісінің азаюын қамтамасыз етеді. Далалық сынақтар сапалы себу төсегінің қалыптасуын көрсетті: өлшемі 25 мм-ден кіші агрегаттардың үлесі 85,2 %-ды құрады, ал беткі қабаттың тегістігінің ауытқуы 5 мм-ден аспады. Дәстүрлі көп өтімді технологиямен салыстырғанда тарту кедергісі, отын шығыны және жалпы энергетикалық шығындар тиісінше 38 %, 43 % және 54,5 %-ға төмендегені анықталды. Алынған нәтижелер роторлы жұмыс ор гандары параметрлерін оңтайландыру және топырақ өңдеу мен себу операцияларын біріктіру агротех никалық көрсеткіштерді нашарлатпай, технологиялық үдерістің энергия тиімділігін арттыруды қамта масыз ететінін дәлелдейді. Әзірленген агрегат Оңтүстік Қазақстанның суармалы егіншілік жағдайында және ұқсас табиғи-климаттық аймақтарда ресурсты үнемдейтін технологияларды енгізудің негізі бола алады.